
Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық Коммуникациялар Қызметінің брифингінде сөз сөйлеу барысында айтты. Әсет Мағауов Президент берген тапсырмаларды іске асыру аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкімет делегациясы жұмыс сапарымен еліміздің мұнай өңірлерді аралап, мұнай өндіруші компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізгенін хабарлады.
Өңірлердің мұнай өндіруші және мұнай сервистік компания басшыларымен кездесулер өтті. Кездесулерде көтерілген мәселелер қазіргі уақытта Үкіметпен қарастырылуда.
Магауовтың айтуынша мұнай бағасының төмендеу салдарын төмендету мақсатында мұнай өндіру компаниялары үшін заңнама келесіні көздейді:
- Әрине, баға белгіленімдерінің күрт төмендеуіне байланысты мұнай нарығындағы жағдайды тұрақты деп айтуға болмайды, бірақ біздің мұнай өндіруші компанияларға қолдау көрсету үшін бізде барлық құралдар бар, - деді Әсет Мағауов. - Біз қазіргі жағдайға тұрақты мониторинг жүргіземіз, өндіру көлемі қысқартылған жоқ және олар бұрынғы режимде жүргізілуде.