Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары қаралды

Үкімет отырысында алдағы жылыту маусымына дайындық шаралары қаралды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің мәліметінше⬇️

 

✅ Бүгінгі таңда республиканың электр станцияларына техникалық аудит аяқталды. Бұл жұмысқа халықаралық консультанттар тартылған.

 

📊Нәтижесінде тозу, негізгі жабдықтардың жарамдылық мерзімі, отын шығыны, технологиялық бұзушылықтар және т.б. көрсеткіштер бойынша рейтинг қалыптастырылды. Қазіргі уақытта одан әрі іс-қимыл жоспарлары дайындалып жатыр.

 

📄 Сонымен қатар барлық 37 ЖЭО бойынша әкімдіктермен бірлесіп, алдағы жылу беру маусымына дайындық үшін жол карталары жасалып жатыр.

 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Мұрат Қарабаевтың мәлімдеуінше⬇️

 

Республикадағы жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – шамамен 14 мың шақырым.

 

🔴Ел бойынша желілердің 54%-ы орташа деңгейде тозған. 7,5 мың шақырым желіні ауыстыру қажет.

 

⚡️ Ең жоғары тозу деңгейі Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында.

 

✅ 2023 жылы бюджеттен тозу көрсеткіші 75%-дан асатын коммуникациялар бойынша 47 жобаны іске асыруға 69,4 млрд теңге бөлінді.

 

✅ Бұл қаражатқа шамамен 107 шақырым жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланып отыр.

 

📌Жалпы 2029 жылға қарай жылу құбырларының тозуын 43%-ға дейін төмендету міндеті тұр.

 

Дерек көзі: 📱 https://t.me/KZgovernment