
2023 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Ақтөбе облысына келді.
Жұмыс сапары шеңберінде Әсет Мағауов келесі өндірістік объектілердің: «Лимб-2» ЖШС, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның жұмысымен танысады.
Сондай-ақ вице-министрдің өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері, азаматтарды жеке қабылдауы өтеді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша өңірлік коммуникациялар алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырылады.