ҚР Энергетика вице-министрі Қостанай облысын жылу және электрмен жабдықтау мәселелері туралы айтты

ҚР Энергетика вице-министрі Қостанай облысын жылу және электрмен жабдықтау мәселелері туралы айтты

2023 жылғы 11 ақпанда ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде өңірді жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етудің ағымдағы өзекті мәселелері туралы айтты.

Жандос Нұрмағамбетов министрлік жағдайды тұрақтандыру үшін қажетті шараларды, сондай-ақ елдегі жылумен жабдықтау жағдайын жақсарту үшін жүйелі шараларды қабылдап жатқанын атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1 тоқсанында еліміздің барлық ЖЭО және электр желілерінің аудиті аяқталады.

Нарық субъектілерін ынталандыру үшін қуаттарды реконструкциялауға және жаңғыртуға инвестициялар бағытталатын болады, «Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа бағдарламасы әзірленуде.

2023 жылы «Жылу энергетикасы туралы» заң қабылданады. Заң өңірлерді жылумен жабдықтау проблемаларын шешуге бағытталған, ұзақ мерзімді жоспарларды жүзеге асыруға және орталық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

Энергетикалық қадағалау комитетінің сапалы жөндеу кампанияларын қамтамасыз етуді және инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау саласындағы рөлін күшейту жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2022 жылы өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 1,066 млрд.кВтсағ құрады, нақты тұтыну - 4,584 млрд. кВтсағ.

Облыста электр энергиясының негізгі көзі Рудный ЖЭО болып табылады, ол 267 МВт-қа тең. Электр энергиясының жетіспейтін көлемі Қостанай облысына Әкібастұз-Павлодар энергокешенінен (Ақсу қ. «ЕЭК» АҚ) және Петропавл қаласынан («Севказэнерго» АҚ) жеткізіледі.

Вице-министрдің айтуынша, 2023 жылы Қостанай қаласында «Батыс» кіші станциясын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру нәтижесінде Қостанай қаласының 150 мыңнан астам адам сапалы және үздіксіз электрмен жабдықталатын болады.

Энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктердің туындау тәуекелдерін және жаңадан енгізілетін жаңа энергия көздерінен жоғары тарифтердің әсерін болдырмау үшін электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуды және теңгерімдеуші нарықты енгізуді көздейтін электр энергиясы нарығының жаңа нысаналы моделіне көшу жөніндегі нормалар пысықталды.

ҚР Энергетика министрлігі Дүниежүзілік Банктің гранттық көмегі шеңберінде елдің электр станциялары мен желілеріне техникалық аудит жүргізу бойынша жұмысты бастады. Техникалық аудитті жүргізу қорытындылары бойынша саланың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізілетін болады, оның негізінде энергия үнемдеуге және энергия тиімділігіне, сондай-ақ қажетті инвестициялар көлеміне бағытталған жаңғырту мен реконструкциялауды жүргізу үшін қажетті техникалық ұсынымдар дайындалатын болады.