ҚР Энергетика вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

ҚР Энергетика вице-министрі Алматы облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

2022 жылғы 24 желтоқсанда Алматы облысының тұрғындарымен кездесу барысында ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов 2022 жылдың 11 айында өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 6 млрд.кВтсағ құрағанын хабарлады. Бұл ретте өңірдегі тұтыну 10,2 млрд. кВтсағ құрайды.

 

Облыстың электр және жылу энергиясына қажеттілігін Алматы ЖЭО-3, Қапшағай ГЭС және Мойнақ ГЭС қамтамасыз етеді, олардың белгіленген электр қуаты 837 МВт-қа тең. Алматы ЖЭО-3 белгіленген жылу қуаты сағатына 335,3 ГКал құрайды. Өңірдің жылу энергиясына деген қажеттілігін облыстық қазандықтар қамтамасыз етеді. «АлЭС» АҚ станцияларының негізгі жабдықтарының орташа физикалық тозуы 80%, «Мойнақ ГЭС» АҚ 28% құрайды.

 

Электр энергиясының жетіспейтін көлемі «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ электр энергиясын тасымалдау және тарату жөніндегі ірі энергетикалық жүйе арқылы жабылады.

 

Жоғары тозуды төмендету мақсатында «Инвестицияларға айырбастау тарифі» бағдарламасы қабылданады, ол энергия және жылу өндіруші ұйымдардың қолданыстағы активтерін реконструкциялауға, жаңғыртуға және кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

«Жылу энергетикасы туралы» Заң қабылданады деп күтілуде, ол өңірлерді жылумен жабдықтау проблемаларын шешуге назар аударуға мүмкіндік береді. Заң аясында электр энергиясын орталықтандырылған сатып алу мен сатуды, сондай-ақ нақты уақыт режимінде теңгерімдеуші нарықты енгізуді көздейтін нарықтың жаңа нысаналы моделіне көшу көзделген. Бұл шаралар энергия жүйесіндегі теңгерімсіздіктерді азайтуға және жаңа энергия көздерінен жоғары тарифтердің әсерін теңестіруге мүмкіндік береді.

 

Сондай-ақ, жөндеу науқанына және инвестициялық бағдарламаларға қатаң бақылауды қамтамасыз ету бөлігінде Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің рөлі күшейтілетін болады.

 

2023 жылдың 1-тоқсанында еліміздің барлық ЖЭО аудиті аяқталады, бұл проблемаларды және олардың ағымдағы техникалық жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Сонымен қатар, Жандос Нұрмағамбетов Алматы облысының жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Бүгінгі таңда өңір республикада ЖЭК қуаты бойынша 2-орын алады немесе 23 объекті өндіретін 419,2 МВт, оның ішінде қуаты 196,5 МВт 11 ЖЭС, қуаты 206 МВт 6 ГЭС, қуаты 160,35 МВт 6 күн электр станциясы.

 

2025 жылға дейін қуаты 123,2 МВт 12 нысан, оның ішінде қуаты 64,95 МВт 3 ЖЭС, қуаты 51,8 МВт 7 ГЭС, қуаты 6,4 МВт 2 биоэлектростанция салу жоспарлануда.