
2022 жылғы 29 қарашада қуаты 100 МВт жел электр станцияларын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы (Ұлытау облысы) үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,39 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып белгіленген қуаттылығы 100 МВт, 12,39 тг/кВтсағатты аукциондық бағасымен (ҚҚС-сыз) «Mezgilder Qushteri» ЖШС (ҚХР) анықталды.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, Еуропалық қайта құру және даму банкі, USAID агенттігі, Qazaq Green қауымдастығы және «ЭЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.
Өткізілген аукционның қорытындысы бойынша аукциондық баға 42,5%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже болып табылады. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып «ЭЭҚРҚО» АҚ айқындалған.