
2022 жылғы 24 қарашада қуаты 50 МВт жел электр станцияларын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы (Солтүстік Қазақстан облысы) үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 9 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 12,98 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздары болып белгіленген қуаттылығы 15 МВт, 12,98 тг/кВтсағат (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Оркан» ЖШС (Қазақстан) және қуаттылығы 35 МВт, 15,96 тг/кВтсағат (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Африк» ЖШС компаниясы (Ресей Федерациясы) анықталды.
Анықтама:
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығы) 26-тармағына сәйкес Қатысушы аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімінде 100 киловаттан кем емес және 1 (бір) киловатқа бөлінетін белгіленген қуат көлемін көрсетеді.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ, Qazaq Green қауымдастығы және «ЭЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.
Өткізілген аукционның қорытындысы бойынша аукциондық баға 39,7%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже болып табылады. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Анықтама:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 18.07.2022 ж. №243 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес 2022 жылдың 28-29 қарашасы аралығында белгіленген қуаты 150 МВт көлемінде жел электр станциялары бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/326797?lang=kk).
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып «ЭЭҚРҚО» АҚ айқындалған.