
2022 жылғы 23 қарашада қуаты 50 МВт жел электр станцияларын (ЖЭС) іріктеу бойынша ҚР Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің солтүстік аймағы (Астана қаласы) үшін жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) бойынша онлайн-аукцион өткізілді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді. ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 2022 жылы 21,53 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Сауда-саттық сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,53-тен 13,33 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) құрады.
Аукциондық сауда саттық қорытындысы бойынша жеңімпаз болып жобаның белгіленген қуаты 50 МВт, 13,33 тг/кВтсағатты (ҚҚС-сыз) аукциондық бағасымен «Эврус» ЖШС (Ресей Федерациясы) анықталды.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ және «ЭЭҚРҚО» АҚ өкілдері қатысты. Байқаушылар аукциондық сауда-саттықтардың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілуін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «ЭЭҚРҚО» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.
Өткізілген аукционның қорытындысы бойынша аукциондық баға 38%-ға төмендеді, бұл жақсы нәтиже болып табылады. Аукциондық сауда-саттық неғұрлым тиімді жобаларды іріктеуге және ЖЭК объектілері өндіретін электр энергиясына нарықтық бәсекелестік бағаларды қалыптастыруға бағытталған.
Анықтама:
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 18.07.2022 ж. №243 бұйрығымен бекітілген аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес 2022 жылдың 24-29 қарашасы аралығында белгіленген қуаты 200 МВт көлемінде жел электр станциялары бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/326797?lang=kk).
Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып «ЭЭҚРҚО» АҚ айқындалған.