
«Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 6 наурыздағы № 36 шешіміне өзгерістерді енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 8 қарашадағы № 169 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) қолдануға дайындалған мұнай қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАЭО 045/2017 ТР) өтпелі ережелерінің мерзімі 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды.
«Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы №39 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 8 қарашадағы № 170 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың «Тасымалдауға және (немесе) қолдануға дайындалған жанғыш табиғи газдың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (ЕАОЭ 046/2018 ТР) өтпелі ережелерінің мерзімі 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды.
Техникалық регламенттердің өтпелі ережелерінің мерзімдерін ұзарту мұнай-газ өндіру және мұнай-газ өндеу, мұнай-газ тасымалдау ұйымдарына техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін өндірістік объектілерді салуды, реконструкциялауды, жаңғыртуды уақтылы және толық көлемде аяқтауға, сынақ зертханаларын жете жарақтандыруға және аккредиттеуге мүмкіндік береді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 8 қарашадағы № 169 және 2022 жылғы 8 қарашадағы № 170 шешімдерімен Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01436852/err_11112022_169, https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01436855/err_11112022_170 сілтеме бойынша танысуға болады.