ҚР Энергетика министрі азаматтарды қабылдады

ҚР Энергетика министрі азаматтарды қабылдады

2022 жылғы 16 қарашада ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов азаматтарды қабылдап, Павлодар, Шымкент, Ақтау және Астана қалалары тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

 

Кездесу барысында Ведомство басшысы ЖЖМ нарығына, Павлодар мұнай-химия зауытының қызметіне, сондай-ақ еңбек қатынастарының кейбір мәселелеріне қатысты азаматтардың өтініштерін қарады.

 

Энергетика министрі көтерілген мәселелерді шешуге қатысты түсініктемелер беріп, тиісті құрылымдық бөлімшелерге оларды пысықтауды тапсырды.