
Атырау облысына жұмыс сапары барысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өңірлік энергия жүйесінің объектілерін аралады, деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.


Атырау ЖЭО-да Энергетика министрін кәсіпорынның электр қуатын кеңейту барысымен таныстырды. Инвестициялық жоба 2007 жылы іске асырыла бастады және бірнеше кезеңдерден өтті. Бұл Жоба тек қана Атырау облысы емес, жалпы Қазақстан үшін маңызды, себебі ол бүкіл елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді.


Қосымша турбоагрегаттарды, қазандарды орнату, бу жүктемесін ұлғайту өндірілетін электр қуатын 215 МВт-тан 474 МВт-қа дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл кәсіпорын қуатын ұлғайтуға бағытталған барлық жүргізілген жұмыстар емес. Қуаты 60 МВт болатын тағы да екі турбоагрегат орнату жоспарланып отыр. Нұрлан Ноғаев атап өткендей, жаңа станциялар Атырау облысы экономикасының энергетикалық қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе энергияға тапшы өңір ұшін маңызды болып табылады.


Энергетика министрі танысқан келесі объект ол «SagatEnergy» ЖШС. Белгіленген қуаты 10 МВт болатын электр станциясы бүгінгі күні Каспий құбыр желісі консорциумының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта кәсіпорында қосымша белгіленген қуаты 30МВт-ты құрайтын электр станциясын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жұмыс істеп тұрған газ электр станциясы 2016 жылы қалпына келтірілді. Мамандардың айтуынша, KEGOC кіші станциясына жақын орналасқан икемді жүктеме мүмкіндігі бар жаңа газпоршеньді станциясы бүкіл Батыс энергия торабы жұмысының тұрақтылығы мен сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.