Қазақстан бензинді еліміздің аумағынан тысқары жерге автомобиль көлігімен әкетуге салынған тыйымның уақытын ұзартады

Қазақстан бензинді еліміздің аумағынан тысқары жерге автомобиль көлігімен әкетуге салынған тыйымның уақытын ұзартады


Осы мәселеге бүгін, 25 ақпанда, Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев назар аударды,- деп хабарлайды ҚР ЭМ-нің баспасөз қызметі.
Н. Ноғаевтың айтуынша, 2019 жылы мұнайды өңдеу көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өсіп, 17,2 млн. тоннаны құрады.
Бұл ретте, 2019 жылы мұнай өнімдерінің негізгі түрлерін (авиакеросин, дизель отыны, бензин, мазут) өндіру көлемі 2018 жылға қарағанда 9,5%-ға өсті. Ағымдағы жылға арналған жоспар 12,5 млн.тоннаны құрайды. Айта кету керек, жоспарлар мұнай өнімдерінің ішкі тұтынуын негізге ала отырып есептелген. Бұл ретте қажеттілік болған жағдайда, жыл бойы өңдеу көлемін ұлғайту үшін бізде резерв бар, - деп ерекше атап өтті Энергетика министрі.
Қазақстандық МӨЗ-дерді жаңғырту жұмыстары аяқталған соң ішкі нарықтың қажеттілігі толығымен өз өндірісі есебінен қамтамасыз етіледі.
Жылдың қорытындысы бойынша нарықтың бензинмен, дизел отынымен және авиакеросинмен қамтамасыз етілуі 100%-ға жетті.
2019 жылғы шілде айында тыйым салуды алғаннан кейін бензинді Еуропаға және Орталық Азияға экспорттау басталды. Бензиннің экспорт көлемі 180,7 мың тоннаны құрады.
Сондай-ақ, Министрлік жанар-жағармай тапшылығы фактілерін болдырмау мақсатында мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салды, ол әр 6 ай сайын ұзартылатын болады.
Осыған байланысты уәкілетті тұлғаларға бұйрықтың мерзімін ұзарту бойынша қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын, - деді Нұрлан Ноғаев.