ҚР Энергетика министрлігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы шеңберінде отын-энергетика кешенінің мәселелері талқыланды

ҚР Энергетика министрлігінде Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы шеңберінде отын-энергетика кешенінің мәселелері талқыланды

2022 жылғы 13 қазанда Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовтың  қатысуымен Отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Отырыс шеңберінде мұнай және газ кен орындарын игерудің кеш сатысында пайдалануды ынталандыру, Мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі және Министрліктің 2022-2023 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау мәселелері талқыланды.

Отырысқа Қоғамдық кеңестің мүшелері және Министрлік өкілдері қатысты.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңестің мүшелері қарастырылып отырған тақырыптар бойынша бірқатар сұрақтар қойып, ұсыныстар берді.