
Жалпы, Павлодар облысында алдағы жылыту маусымына дайындық бекітілген кестеге сәйкес жүзеге асырылуда, - деп хабарлады Қазақстанның энергетикалық ведомствосының басшысы Болат Ақшолақов 2022 жылғы 24 қыркүйекте Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде.
Облысты жылумен жабдықтаудың неғұрлым ірі көздері «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО және 3-ЖЭО болып табылады, олардың белгіленген жиынтық қуаты 2,3 мың Гкал/сағ, ал қолда бар қуаты 2,2 мың Гкал/сағ.
«Қазақстан алюминийі» ЖЭО негізгі жабдықтарының жалпы тозуы - 74,3%, 3-ЖЭО - 51,2% құрайды.
Министрдің айтуынша, бүгінде жөндеуге жоспарланған 38 негізгі жабдықтың (12 энергоблок, 18 қазандық, 7 турбина және 1 түтін құбыры) 18 – і жөнделді, 14 – і жөндеуде, 6 бірлігінде жөндеу мерзімі (5 энергоблок және 1 қазандық) келген жоқ.
Жылу желілерінің құбырларында жөндеу жұмыстарының қажетті және жеткілікті көлемін жүргізуге әсер ететін негізгі жүйелі проблемалардың бірі жылу энергиясын тасымалдауға қолданыстағы тарифтің төмендігі болып табылады. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 1337 км болғанда, жыл сайын шамамен 8-10 км жылу желілері ауыстырылады.
Табиғи монополиялар субъектілерінің жылу өндіру және беру тарифтерін белгілеу ҚР Энергетика министрлігінің құзыретіне емес, табиғи монополиялар субъектілерін реттеу жөніндегі мемлекеттік органның құзыретіне жататынын ақпарат ретінде хабарлаймыз.