ҚР Энергетика министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

ҚР Энергетика министрі жұмыс сапарымен Қарағанды облысына келді

2022 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қарағанды облысына келді.

 

Жұмыс сапары шеңберінде Болат Ақшолақов келесі өндірістік объектілердің: «Kazakhmys Energy» ЖШС-ның Топар МАЭС-і, «Қарағанды» АГТС-і, «Қарағанды Энергоорталығы» ЖШС-ның 3-ЖЭО-сы, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 2-ЖЭО-сы және №7 қазандық агрегатының құрылысы барысымен танысты.

 

Сондай-ақ министрдің өңірдің тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері өтеді, жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Теміртау қаласы әкімдігінің базасында брифинг ұйымдастырылады.