2020 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2020 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

2020 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының міндетін атқарушы А.Д. Оспанов және Қоғамдық кеңестің мүшесі Е.С. Қожмамбет қазақстандық кадрларды оқытуды және ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландыру бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша баяндама жасады.

2019 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру 11,4 млрд.теңгені құрады.

Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми зерттеулерді қаржыландыруы 74 бағыттан тұратын басым салалық бағыттардың тізбесі бойынша жүзеге асырылады: геологиялық-физикалық зерттеу әдістері, кәсіпшілік жабдықтар, флюидтердің динамикасы мен дайындығын реттеу, кен орны мен ұңғыманы игеруді басқару, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, кен орындарын цифрлау саласында.

Жер қойнауын пайдаланушылардың ҒЗТКЖ қаржыландыруы мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:

- конкурс өткізу арқылы ғылыми қызмет субъектілері арасынан өз бетінше;

- Инновациялық технологиялар паркіне аударымдар;

- көмірсутектер және уран өндіру саласындағы уәкілетті органның ғылыми-техникалық кеңесі бекітетін салалық проблемаларды шешуге ақша жіберу.

2019 жылдың қорытындысы бойынша ҒЗТКЖ қаржыландыру 9 млрд. теңгені құрады.

Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың барлық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізуде. Мониторинг нәтижелері бойынша тәртіп бұзушыларға тиісті хабарламалар жіберіледі, ал олар орындалмаған жағдайда берешек сот тәртібімен өндіріліп алынады.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес талқыланған мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар берді.