
2020 жылғы 11 ақпанда Вена қаласында (Австрия) АЭХА физикалық ядролық қауіпсіздік халықаралық конференциясы (ICONS, 10-14 ақпан) бойынша Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ өкілдерінің МАГАТЭ физикалық ядролық қауіпсіздік департаментінің директоры Раджа Аднан мырзамен Қазақстан Республикасының АЭХА-мен физикалық ядролық қауіпсіздік саласындағы одан әрі ынтымақтастығын дамыту мәселесі бойыншаресми кездесу өтті.
Осы кездесу барысында Комитеттің төрағасының орынбасары Серғазин Ғ.Е. және Раджа Аднан мырзамен Қазақстан Республикасының физикалық ядролық қауіпсіздігінің кешенді жоспарының жобасын қаралған.
Бұл құжатты АЭХА қатысушы елі 5 жылдық кезеңге әзірлейді және АЭХА донорлық көмегі есебінен одан әрі қаржыландыра отырып, мемлекеттегі физикалық ядролық қауіпсіздіктің орнықты жүйесін қолдау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бір-біріне тығыз ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, Қазақстан Республикасының физикалық ядролық қауіпсіздігінің кешенді жоспарының қорытынды жобасын талқылау үшін Қазақстан Республикасының аумағында кездесуге ниет білдірді.