2022 жылғы 6 қыркүйекте Энергетика министрлігінде Тіл апталығы аясында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлтын шын сүйген ұлы тұлға» тақырыбы бойынша мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазықызымен кездесу өтті. Кездесуге Министрліктің Аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Оразкүл Асанғазықызы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, қызметі және бүгінгі таңдағы қазақ тілінің жай-күйі туралы айтып, мемлекеттік қызметшілерінің сұрақтарына жауап берді.2519:02