ҚР Энергетика министрлігі Алматыдағы жүк көлігі жүргізушілерінің арасындағы төбелес туралы видеодағы ақпаратты жоққа шығарды

ҚР Энергетика министрлігі Алматыдағы жүк көлігі жүргізушілерінің арасындағы төбелес туралы видеодағы ақпаратты жоққа шығарды

2022 жылғы 2 қыркүйекте жекелеген электрондық ақпараттық ресурстарда Алматы қаласындағы АЖҚС-тың бірінде жүк көлігі жүргізушілерінің арасында болған оқиға туралы видео пайда болды.

 

ҚР Энергетика министрлігі таратылатын ақпараттың мазмұны, атап айтқанда: «Алматы АЖҚС-да дизель отыны салдарынан жүк тасушылар төбелесті» деген тезис шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

 

Бұл оқиға 2022 жылғы 31 тамызда сағат 19-40-та Алматы қаласында емес, Жамбыл облысы Қордай ауылында орналасқан «Helios» ЖШС-ның АЖҚС-дағы клиенттері арасында болған. Төбелестің себебі - өз кезегін күту кезінде жанармай құю станциясының клиенттері арасындағы ауызша жанжал. АЖҚС басқа клиенттерінің араласуының арқасында жанжал бірден тоқтатылды, төбелес АЖҚС жұмысына және басқа клиенттерге әсер етпеді, дауға қатысушылардың ешқайсысы полицияға жүгінген жоқ.

 

Оқиға 31 тамызда орын алғанына қарамастан, бүгін жекелеген электрондық ақпараттық ресурстарда жарияланғандықтан, Helios операторлары егжей-тегжейлі тексеру жүргізіп, өздерінің оқиғаға қатысқан клиенттерімен байланысқа шықты және орын алған даудың егжей-тегжейлері нақтыланған сенімді деректерді ҚР Энергетика министрлігіне ұсынды.

 

ҚР Энергетика министрлігі өз тарапынан бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтарды барлық фактілерді нақтылау және растау, сондай-ақ жалған ақпараттың таралуына жол бермеу мақсатында дұрыс ақпарат алу үшін мемлекеттік органға жүгінуге шақырады. Әрбір өтініш бойынша ҚР Энергетика министрлігінің қызметкерлері АЖҚС операторларымен бірлесіп, міндетті тексеру мен талдау жүргізетінін атап өтеміз.

 

Естеріңізге сала кетейік, дизель отыны мәселелері бойынша азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қабылдау үшін ҚР Энергетика министрлігі мен ірі АЖҚС желілері тәулік бойы жұмыс режимінде «жедел желіні» іске қосты.

Өтініштердің ең көп бөлігі, атап айтқанда 50%-дан астамы WhatsApp-арнасы арқылы келіп түсті. Өткен күндері жедел желіге келіп түскен өтініштердің үлкен ағыны байқалған жоқ, ҚР Энергетика министрлігінің «жедел желісі» жұмыс істей бастағаннан бері барлығы 150 өтініш бойынша жұмыс жүргізілді.

Азаматтардан келіп түскен ақпараттың дұрыстығын тексергеннен кейін негізсіз әрекеттер мен бұзушылықтардың барлық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін өтініштер құзыретті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

 

Анықтама:

ҚР Энергетика министрлігі жанындағы «Жедел желі»

Call-center: қалалық: +7 (7172) 78-69-55

Ұялы байланыс / Telegram / WhatsApp: +7 (708) 812-02-31

 

Сондай-ақ елдің ірі АЖҚС-дағы «жедел желілер» бойынша деректерді қосымша ұсынамыз:

 

Qazaq Oil және ҚазМұнайГаз

Call-center: 9911

Telegram / WhatsApp: +7 (771) 046-46-46

Instagram: azs_qazaq_oil

 

Sinooil

Call-center: 8-800-070-01-80

Instagram: sinooil.kz

 

Helios

Қолдау орталығы: 8-800-080-5444

Telegram / WhatsApp: +7 (777) 708-00-39

Instagram: helios_kz

Қалалық телефондар үшін: helios.kz/kontakty

 

Газпромнефть

Call-center: 8-800-080-10-08

Instagram: gazpromneft_kz