
Еліміздің барлық өңірін дизель отынымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі бойынша Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған Комиссия жұмыс істеп жатыр. Ол Үкімет басшысының тапсырмасымен арнайы құрылған. Комиссия құрамына жауапты мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың өкілдері кірді.
Комиссия елімізде маңызды орын алып отырған жанармайдың жетіспеушілігіне әсер еткен факторларды анықтады. Мәселен, негізгі себептердің бірі отын тұтынудың айтарлықтай өсуі болып отыр, бірінші кезекте шетелдік транзиттік көлік отынды көп тұтынады. Екінші себеп – бағаның айтарлықтай айырмашылығына байланысты Қазақстаннан көршілес елдерге дизель отынының жіберілуі.
Отандық мұнай базалары дизель отынын бөлшек сауда құнынан жоғары бағамен сатқан, бұл өңірлерде отын сату көлемінің қысқаруына әкелді, өйткені оны сатып алу жанармай бекеттері үшін тиімсіз болды.
Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз», Petrosun компаниялары, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттары тарапынан өндіру, маркетинг және логистикада жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар анықталды.