Энергетика министрлігі мемлекеттік органдар арасындағы спартакиаданың жалпы командалық есебінде үшінші орын алды

Энергетика министрлігі мемлекеттік органдар арасындағы спартакиаданың жалпы командалық есебінде үшінші орын алды

2022 жылғы 19-21 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Спорт күніне орай мемлекеттік органдар арасында республикалық спартакиада өтті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды, оның мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты танымал ету және дамыту болып табылады.

Спартакиадаға 23 мемлекеттік органның қызметкерлері қатысты. Командалар спорттың 6 түрінен жарысты: футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғыз құмалақ, үстел теннисі және бильярд.

Қазақ күресі бойынша командалық есепте Энергетика министрлігінің командасы 3 орын алды.

Жалпы командалық есепте Энергетика министрлігінің командасы 3 орынды иеленді.