
Өңірде 45 кен орны бар, 48 келісімшарт жасалды, оның ішінде барлауға – 8, барлау мен өндіруге – 23, өндіруге – 17 келісімшарт, - деп хабарлады Энергетика ведомствосының басшысы Болат Ақшолақов 2022 жылғы 20 тамызда Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесуде.
Болат Ақшолақов атап өткендей, бүгінгі таңда өндірілетін мұнай қоры шамамен 225 млн.тоннаны, ал газ қоры (еркін газ және газ бүркеуіндегі газ) 103 млрд. м3-ден астам
2022 жылы Ақтөбе және онымен шекаралас Атырау және Қызылорда облыстарында орналасқан 5 жер қойнауы учаскесі бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге аукцион өткізілді.
Жақын арада аталған жер қойнауы учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, олардың инвестиция көлемі 8,4 млрд.теңгені құрайды.
Бүгінгі таңда Министрлік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде жер қойнауын пайдалануға арналған Жақсартылған модельдік келісімшарт тетігін енгізу бойынша заңнамалық өзгерістер топтамасын әзірледі, онда салықтан босату түріндегі реттеушілік және фискалдық преференциялар көзделеді. Заңнамаға көрсетілген түзетулер ағымдағы жылдың соңына дейін қабылданады, бұл жаңа кен орындарын игеруге серпін береді.
Жоғарыда көрсетілген жобалар мен бастамалар өңірде мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Энергетика министрі жергілікті қамту тақырыбын да қозғады.
2022 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 76,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жергілікті қамту шамамен 52 млрд. теңгені немесе 68,3% - ды құрады.
Ақтөбе облысындағы жер қойнауын пайдаланушылардың штаттық саны 9,9 мың адамды құрады, оның ішінде қазақстандық қызметкерлердің үлесі – 98,5% (9,8 мың адам).