
2022 жылғы 20 тамызда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Ақтөбе облысына келді.
Жұмыс сапары шеңберінде Болат Ақшолақов келесі өндірістік нысандардың жұмысымен танысады: «Gas Processing Company» ЖШС (Қожасай), «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның Жаңажол газ өңдеу зауыты, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ.
Сондай-ақ министрдің өңірдің тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері өтеді, жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг ұйымдастырылады.