ҚР Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 7 айдағы қызметі туралы есеп тыңдалды

ҚР Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 7 айдағы қызметі туралы есеп тыңдалды

ҚР Энергетика министрлігінде Отын-энергетикалық кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың қатысуымен өтті.

 

Кеңес мүшелерінің Энергетика министрлігінің басшылығымен бірлескен талқылауының басты тақырыбы Қоғамдық кеңестің 2022 жылғы 7 айдағы қызметі туралы есеп болды.

 

Қоғамдық кеңес төрағасы есептік кезеңде 28 НҚА жобасы қаралғанын, оның ішінде, Электр энергетикасы және атом саласы мәселелері жөніндегі комитеті – 14 жоба, Мұнай-газ саласы мәселелері жөніндегі комитеті - азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 14 жобаны қарағанын хабарлады.

 

Қоғамдық кеңес жұмысының жоспарына сәйкес 8 отырыс өткізілді, Қазақстанның электр энергетикасы және мұнай-газ саласын дамытудың өзекті мәселелері бойынша ҚР Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тыңдалды.

 

Отырыс барысында Министр 2035 жылға арналған болжамды энергетикалық теңгерім, жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерін орындауы, қазақстандық кадрларды оқыту жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Отырыс қорытындысы бойынша Министр Қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенді жұмысын атап өтті, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының қажеттілігіне баса назар аударды.