ҚР Энергетика министрлігі Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері жөніндегі аукциондарға қатысуға шақырады

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері жөніндегі аукциондарға қатысуға шақырады

ҚР Энергетика министрлігі Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері жөніндегі аукциондарға қатысуға шақырады

 

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі барлық мүдделі тұлғаларды 2022 жылы жаңартылатын энергия көздері объектілері құрылысының жобаларын іріктеу жөніндегі аукциондарға қатысуға шақырады.

 

Аукциондарды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығымен бекітілген) 2022 жылға арналған аукциондарды өткізу кесте-графигі Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми сайтында жарияланған (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/326797?lang=kk).

 

Аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат 2022 жылы электр станцияларының түрлері бойынша бөлінген 690 МВт құрайды:

- күн электр станциялары (КЭС) - 60 МВт;

- жел энергетикалық қондырғылар (ЖЭС) - 400 МВт; оның ішінде 150 МВт құжаттамамен;

- гидроэлектр станциялары (ГЭС) – 220 МВт;

- биогаз электр станциялары (БиоЭС) – 10 МВт.

 

Жаңартылатын энергетика жобаларын іріктеу жөніндегі аукциондарға қатысуға дайындық мақсатында мүдделі тараптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының» (http://www.rfc.kegoc.kz/) және «КОРЭМ» АҚ-тың (http://www.korem.kz/) ресми сайттарында түсіндірулерді сұрата алады немесе түсіндіру семинарларына, вебинарларына қатыса алады.

 

№

ЖЭК түрі

Белгіленген қуаты, МВт

БЭЖ аймағы

Аукцион уақыты

Аукцион күні

Шағын

Ірі

1

ГЭС

20

 

Солтүстік және Оңтүстік аймақтар

14.00-ден

24.10.2022ж.

2

ГЭС

 

200

Солтүстік және Оңтүстік аймақтар

14.00-ден

25.10.2022ж.

3

БиоЭС

10

 

Барлық аймақтар

14.00-ден

07.11.2022ж.

4

КЭС

 

20

Оңтүстік аймақ

14.00-ден

08.11.2022ж.

5

КЭС

 

20

Оңтүстік аймақ

14.00-ден

09.11.2022ж.

6

КЭС

 

20

Оңтүстік аймақ

14.00-ден

10.11.2022ж.

7

ЖЭС

 

50

Солтүстік аймақ

14.00-ден

11.11.2022ж.

8

ЖЭС

 

50

Батыс аймақ

14.00-ден

21.11.2022ж.

9

ЖЭС

 

50

Солтүстік аймақ

14.00-ден

22.11.2022ж.

10

ЖЭС

 

50

Солтүстік аймақ

14.00-ден

23.11.2022ж.

11

ЖЭС

 

50

Солтүстік аймақ

14.00-ден

24.11.2022ж.

12

ЖЭС

 

50

(құжат.)

Солтүстік аймақ

14.00-ден

28.11.2022ж.

13

ЖЭС

 

100 (құжат.)

Солтүстік аймақ

14.00-ден

29.11.2022ж.