
ҚР Энергетика министрлігі «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС» ЖЭС-те №1 220 кВ автотрансформатордың жануымен технологиялық бұзушылықты тергеуді бастады. Тергеу нәтижелері бойынша трансформатордың жану себебі және технологиялық бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі анықталады.
Естеріңізге сала кетейік, 31 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 21:40-та майдың ағуы салдарынан 220 кВ автотрансформатордың жануы орын алған.
Сағат 02:08-де жанған трансформаторды сөндіруге Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің жеке құрамы мен «МАЭК Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкерлері жұмылдырылды.
Бұл оқиға өңірдің электрмен және сумен жабдықталуына әсер еткен жоқ. 1 маусымда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Фото: zakon.kz сайтынан