ҚР Энергетика министрлігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл бойынша оқыту семинарын өткізді

ҚР Энергетика министрлігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл бойынша оқыту семинарын өткізді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қауіпсіздік департаментінің директоры Ә.С. Шинабеков Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары Г.А. Кукатовпен бірге Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті, Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы басшылары мен қызметкерлеріне №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру бойынша оқыту семинарын өткізді.

Оқыту семинары барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын болдырмауға қатысты шара қабылдамаған үшін жеке жауапкершілік туралы мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар оқыту семинарына қатысушылар мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделін енгізу, жобалық басқарудың артықшылықтары, нәтижеге қол жеткізу тәсілдері, жобалық басқарудың тиімділігі, құжатайналымы мен бюрократияны азайту мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алды.