«Көкшетау қаласында ЖЭО салу» жобасы бойынша тендер өткізу туралы ҚР Энергетика министрлігінің хабарламасы

«Көкшетау қаласында ЖЭО салу» жобасы бойынша тендер өткізу туралы ҚР  Энергетика министрлігінің хабарламасы

Осымен, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі «Электр энергетикасы туралы» Заңның 15-6 бабына сәйкес «Көкшетау қаласында ЖЭО салу» жобасы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды (бұдан әрі – жаңа электр станциясы) салуға тендер өткізетінін хабарлаймыз.

 

Жаңа электр станциясын салу жоспарлануда және ол электр және жылу энергиясын когенерация режимінде өндіруі тиіс.

 Орналасатын жері: Көкшетау қаласы.

 

Әзірленген техникалық-экономикалық негіздемеге (ТЭН) сәйкес жаңа электр станциясының талап етілетін техникалық параметрлері:

электр қуаты – кемінде 240 МВт;

жылу қуаты – кемінде 520 Гкал/сағ.

Мыналарды орнату ұсынылады:

- 3 бірлік Е -420-13,8-560-КГТ СТ. № 1÷3 типті қазандық агрегаттары;

-2 бірлік Т-120/30-130 ст. №1,2 типті турбоагрегаттар.

ЖЭО құрылысын 2 кезекке бөлу қарастырылады:

  • Құрылыстың бірінші кезегі:

- қазандық агрегат – әрқайсысы сағатына 420 тонна буға 2 х Е-420-13,8-560-КГТ ;

- турбоагрегат – жалпы электр қуаты 120 МВт болатын 1 х Т-120/130-130.

- тұтынушыларға жылуды жіберу – 332 Гкал/сағ.

- жалпы электр қуаты – 120 МВт.

  • Құрылыстың екінші кезегі:

- қазандық агрегат – әрқайсысы сағатына 420 тонна буға 1 х Е-420-13,8-560-КГТ ;

- турбоагрегат – жалпы электр қуаты 120 МВт болатын 1 х Т-120/130-130.

- тұтынушыларға жылуды жіберу – 188 Гкал/сағ.

- жалпы электр қуаты – 120 МВт.

 

ТЭН-де көрсетілген техникалық сипаттамалар бойынша толық ақпаратпен танысу үшін https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-energo/documents/details/300776?lang=kk  сілтемесі бойынша өту қажет.

 

Жаңа электр станциясын салу жөніндегі жобаны іске асырудың негізгі шарттары мынадай:

1) жаңа электр станциясын салуға арналған инвестицияларды қайтару «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген электр қуатының нарығына қойылатын барлық талаптарды ескере отырып, тендер жеңімпазы бірыңғай сатып алушыға электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша олардың арасында жасалатын шарт шеңберінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтер көрсетуі арқылы электр қуатының нарығы шеңберінде жүзеге асырылатын болады;

2) жаңа электр станциясын пайдалануға беріп, «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өткеннен кейін ғана жаңа электр станциясын салуға арналған инвестицияларды қайтару басталады;

 

Тендер «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңына және Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларына сәйкес өткізілетін болады.

 

Байланыс тұлғалары: Тукенов А.С. тел: 87172 74-06-03, эл.мекенжайы: a.tukenov@energo.gov.kz, Абулкалыков М.Ж. тел: 87172 74-11-55, эл.мекенжайы: murat.abulkalykov@energo.gov.kz

 

Тендерді өткізу және жобаны іске асыруға қатысты сұрақтарды 2022 жылдың 31 мамырына дейін жіберулеріңізді сұраймыз.