Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің басшылығы көмірсутектер бойынша қорлардың халықаралық жүйелеріне шолу жасау бойынша Мұнайшы-инженерлер қауымдастығының (SPE ASTANA SECTION) іс-шарасына қатысты

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің басшылығы көмірсутектер бойынша қорлардың халықаралық жүйелеріне шолу жасау бойынша Мұнайшы-инженерлер қауымдастығының (SPE ASTANA SECTION) іс-шарасына қатысты

2022 жылғы 21 сәуірде «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында ҚР Энергетика министрі Б.О. Ақшолақовтың қатысуымен Геологтар күніне арналған және көмірсутектер бойынша қорлардың халықаралық жүйелеріне шолу жасауға арналған Мұнайшы-инженерлер қауымдастығының (SPE ASTANA SECTION) іс – шарасы өтті.

 

Іс – шараға мұнай-газ саласының ардагерлері («Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» РҚБ), сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті, «Астана» халықаралық қаржы орталығының, «KAZENERGY» қауымдастықтарының, «Атамекен» ҰКП және «Қазақстанның жер қойнауын пайдаланушылар одағы», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В., North Caspian Operating Company, «Теңізшевройл» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «САУТ-ОЙЛ» ЖШС, «Ком-Мұнай» ЖШС, «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС және т.б. мұнай-газ компанияларының мамандары, «Timal Consulting Group» ЖШС, «OPTIMUM» Жобалау институты» ЖШС, «НИПИнефтегаз» АҚ және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС, Shell Kazakhstan, SPE Astana, «Алстронтелеком Софт» ЖШС, White & Case Kazakhstan және т.б. жобалау институттарының мамандары қатысты.

 

Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауымдастығының, атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Timal Consulting Group» ЖШС өкілдері және SPEE сарапшылары баяндама жасады.

 

Іс-шара барысында көмірсутектер жөніндегі халықаралық жүйелерге көшуге арналған кадрлық әлеует, мемлекет мүдделерін ескере отырып, осы жүйелерді бейімдеу мүмкіндіктері, қорларды есептеу әдістемесі және т.б. мәселелер талқыланды.

 

Іс-шара материалдарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/297955?lang=ru.