2022 жылғы 20 сәуірде Энергетика министрі Болат Ақшолақов азаматтарды онлайн-қабылдап, Түркістан және Ақтөбе облыстарының, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының өтініштері мен сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында азаматтар Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарасу ауылдық округінің Әйтеке би ауылындағы электр желілері және газға қосылу, сонымен қатар жұмысқа орналасу мәселелерін қозғады.
Ведомство басшысы көтерілген мәселелерді шешу бойынша түсініктеме беріп, оларды пысықтау бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырма берді.