
2022 жылғы 15 сәуірде ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов «Amanat» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн-қабылдау өткізді.
Кездесу барысында Болат Ақшолақов азаматтардың Қызылорда облысындағы Сабалақ және Эдельвейс саяжайларын газдандыру, жарықтандыру, битум бағасын бақылау, майнинг бойынша өзекті мәселелеріне, сондай-ақ газ өңдеу және газ-химиясы, энергия көздері мен энергия беруші компанияларды жаңғырту жөніндегі ұсыныстарға қатысты өтініштерін қарады.
Ведомство басшысы «Amanat» қоғамдық қабылдау барысында азаматтардың қойған барлық сұрақтары мен ұсыныстарына жауап беріп, құзыреті шеңберінде одан әрі жұмыс жүргізу үшін Қызылорда облысының жергілікті атқарушы органдарына жеткізді.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі