
Ағымдағы жылғы 12 сәуірде ҚР Энергетика министрі Б.Ақшолақовтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті.
Энергетика министрлігінің отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесі қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға сәйкес құрылды.
20 мүшеден тұратын жаңа құрам отын-энергетика кешені салаларының, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының 12 қоғамдық бірлестігі мен кәсіптік одақтарының өкілдерін біріктіреді.
Алдыңғы құраммен салыстырғанда азаматтық қоғам өкілдерінің саны артты, жаңа құрамға 3 азамат кірді.
Осылайша, қоғамдық блок Қоғамдық кеңестің жалпы санының 2/3 бөлігін құрады.
«Қазақстандық отын қауымдастығы-1» заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер бірлестігін басқаратын Болат Кенжетайұлы Әуетаев Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды.
Қоғамдық кеңестің жұмысы жетекшілік ететін салалардағы қоғамдық маңызы бар мәселелерді, сондай-ақ бюджетті игеру, мемлекеттік қызметтер көрсету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін шешу бойынша Энергетика министрлігімен бірлескен жұмысқа бағытталатын болады.
Қоғамдық кеңес Министрлік салаларындағы барлық әлеуметтік маңызы бар шешімдерді талқылау және түсіндіру үшін сараптама алаңы ретіндегі өз рөлін күшейту тәсілдерін мақұлдады.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі