
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукционды өткізуге арналған өтініштерді қабылдаудың басталуы туралы бұрын жарияланған ақпаратқа (жер қойнауының 60 учаскесі) қосымша аукционға қойылатын жер қойнауы учаскелері туралы қысқаша мәліметтермен танысу ұсынылады (https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/288606?lang=kk).
Жер қойнауы құқығын алуға мүдделі барлық тұлғалар аукционға қатысуға арналған өтінішті электрондық аукциондар операторы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ сайтында бере алады (сілтеме: www.gosreestr.kz).
Аукцион негізінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын берудің шарттары мен тәртібі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 94-99-баптарында және Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының интернет-ресурсын пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларында
(ҚР Энергетика министрлігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығы) көзделген.
2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап көмірсутектерді барлау және өндіру құқығына арналған онлайн-аукциондарға қатысуға ниет білдірген әлеуетті шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасының 10 шетелдік мекемесінде (Абу-Даби, Бішкек, Вашингтон, Мәскеу, Нью-Йорк, Санкт-Петербург, Сеул, Стамбул, Прага, Франкфурт-на-Майне) жеке тұлға ретінде «бір өтініш» қағидаты бойынша ЖСН мен ЭЦҚ ала алады.
Шетелдік мекемелердің мекенжайлары мен телефондары ҚР Сыртқы істер министрлігі сайтының «Қазақстанның шетелдік мекемелері» деген бөлімінде қолжетімді.
Қазақстан Республикасының аталған шетелдік мекемелерінің бірінде «бір өтініш» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметті алу үшін (консулға):
- паспорт (түпнұсқа, жеке басын сәйкестендіру үшін);
- паспорттың электрондық көшірмесі (pdf форматында);
- ТАӘ-нің кириллицаға, қажет болған жағдайда латын әліпбиіне аудармасының нотариалды куәландырылған электрондық көшірмесі (pdf форматында);
- USB-flash жинақтағыш (ЭЦҚ кілтін сақтау үшін) ұсыну қажет.
Қызмет көрсету мерзімі – 2 жұмыс күні, тегін.
Осы баспасөз хабарламасы Энергетика министрлігі өткізетін жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукционға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын хабардар ету мақсатында жарияланып отыр.
Барлық мәселелер бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7172) 78-68-95, 78-69-48.
ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі
Фото inform.kz