ҚР Энергетика министрлігінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне құқықтық оқыту

ҚР Энергетика министрлігінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне құқықтық оқыту

2022 жылдың 18 наурызында ҚР Энергетика Министрлігінің Заң қызметі департаментінің бастамасымен, ҚР Әділет министрлігі қызметкерлерімен бірлесе отыра, ҚР Энергетика министрлігінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне құқықтық мониторинг шеңберінде жаңа тәсілдерді талқылау бойынша құқықтық оқыту өтті.

ҚР Әділет Министрлігі және Заң қызметі департаменті құқықтық мониторингтың маңыздылығына, оны өткізу мерзімін сақтауға, сондай-ақ, нәтижелерін дайындау сапасына ерекше көңіл аударды.

Іс-шараның нәтижесінде қойылған сұрақтарға жауаптар берілді, сондай-ақ, нормативтік құқықтық актілерге сапалы және уақытылы құқықтық мониторинг жүргізу және оның нәтижелері бойынша шаралар қабылдау бойынша жұмысты күшейту ұсынылды.