
20 наурызда сағат 19:05-те Петропавл қ. "СевКазЭнерго" АҚ ЖЭО - 2 де бірінші түтін мұржасы бұзылып, қазандық бөлмесіне құлады,-деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жылумен жабдықтау төмен қысыммен берілуде, резервтік қазандықтарды жұмысқа қосу жұмыстары жүргізілуде, электрмен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.
Оқиға орнында Әкімдік жедел штаб ұйымдастырды, ТЖД, өрт сөндірушілер күшімен зардап шеккендерді анықтау, суды сору және үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
технологиялық бұзушылық салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі