
Бүгін, 2 наурызда ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті.
Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты,-деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.
Отырыс барысында қаңтар айында келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
2022 жылдың сәуір айында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота сәйкесінше тәулігіне 1,621 млн. баррельді құрайды.
Асыра орындалған көлемдерді өтеу кезеңі 2022 жылғы маусымның соңы болып қалады.