ҚР Энергетика министрлігі, ЕҚҚДБ және және «ХЭК-К Т» ЖШС арасындағы ынтымақтастық және «Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қуаты 10 МВт болатын Күн ЭС құрылысы» жобасын қолдау туралы келісімге қол қойылды

ҚР Энергетика министрлігі, ЕҚҚДБ және және «ХЭК-К Т» ЖШС арасындағы ынтымақтастық және «Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қуаты 10 МВт болатын Күн ЭС құрылысы» жобасын қолдау туралы келісімге қол қойылды

26 қыркүйек 2019 ж. Нұр-Сұлтан қаласында Kazakhstan ENERGY WEEK -2019 ХІІ Еуразиялық форумы шеңберінде ЕҚҚДБ және «ХЭК-К Т» ЖШС өкілдерімен кездесу барысында ҚР Энергетика министрі Қ. Бозымбаев ҚР Энергетика министрлігі, ЕҚҚДБ және және «ХЭК-К Т» ЖШС арасындағы ынтымақтастық және «Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қуаты 10 МВт болатын Күн ЭС құрылысы» жобасын қолдау туралы келісімге қол қойды.
​Жоба Қазақстанның энергия теңгеріміне күн энергиясын өндіру бойынша 10 МВт белгіленген қуат қосып, Қызылорда облысындағы Жаңақорған аумағының маңында Күн электр станциясын салуды көздейді.
​Қаржыландыру пакетіне ЕҚҚДБ-дан жергілікті валютамен, АҚШ долларымен 1,7 млрд теңгеге ($4,4 млн) дейінгі сомаға кредит, сондай-ақ GCF-дан $2 млн дейінгі сомаға кредит кіреді.
​Күн электр станциясын «ХЭК-К Т» ЖШС салатын болады. Осы жобаны іске асыру көмірқышқыл газының шығарындыларын кем дегенде жылына 13 тоннаға қысқартады деп күтілуде, станция жылына 14,8 Гвтсағ-дан астам электр энергиясын өндіретін болады.​
Сондай-ақ, Күн ЭС елдің стратегиялық құжаттарымен қарастырылған жаңартылатын энергия көздері саласындағы нысаналы индикаторларына қол жеткізуге үлес қосады, аймақтарда қосымша «жасыл» жұмыс орындарын құруға және шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.