ҚР Энергетика министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде жедел желі ұйымдастырылды

ҚР Энергетика министрлігінің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде жедел желі ұйымдастырылды

Тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту және жою, сыбайлас жемқорлыққа жалпыға бірдей қабылдамауды қалыптастыру және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында 2020 жылғы ақпаннан бастап Министрлікте «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмыс істейді.

Кеңсенің қызметі бизнес-процестердің ашықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға, жеке және заңды тұлғалар үшін қолайлы жағдайлар жасауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Министрліктің Аппарат басшысының 2022 жылғы 2 ақпандағы №37 бұйрығымен жобалық кеңсенің құрамы жаңартылды.

 «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы болып қазіргі уақытта Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі болып табылатын Ерлан Медеуұлы Сәрсекеев тағайындалды.

Е.М. Сәрсекеевтің мемлекеттік құрылымдар мен жеке секторда, соның ішінде Парламент Мәжілісінің аппаратында, мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Энергетика министрлігінде үлкен тәжірибесі бар.

Министрліктің жобалық кеңсесінде жедел желі ұйымдастырылды (8(7172) 78-69-38, ол бойынша кез келген адам кеңес ала алады.