Энергетика министрі «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн қабылдады

Энергетика министрі «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн қабылдады

2021 жылғы 12 қарашада ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев «Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында азаматтарды онлайн қабылдады.

Кездесу барысында М.Мырзағалиев азаматтардың өтініштерін қарады, оның ішінде сұйытылған мұнай газының бағасын көтеру, «Қорғалжын орамы» ТК-ны газбен жылытуға қосу, Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксәйек ауылының көшелерін жарықтандыру мәселелерін қарастырады.

Министр атап өткендей, «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтар тарапынан қойылған барлық сұрақтар алдағы уақытта өз құзыреті шегінде өзара келісілген жұмыс үшін жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізілетін болады.