Белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша 2021 жылғы 9 қарашадағы аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

Белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша 2021 жылғы 9 қарашадағы аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары

Белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша 2021 жылғы 9 қарашадағы аукцион өтті деп танылды.

 

Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 2 компания жіберілді. Сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 2 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 0,2-ден 4,95 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 5,15 МВт. 2021 жылы БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 32,15 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

 

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 32,15 – 32,14 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

 

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша мына компаниялар жеңімпаз болып анықталды:

- «Burabai biogas & Fertilizers Factory» ЖШС (Қазақстан), жобаның белгіленген қуаты 4,95 МВт, аукциондық бағасы 32,15 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Ақмола облысының Қарашілік ауылының маңында орналастыру жоспарлануда;

- «SAMP KAZAKHSTAN» ЖШС (Қазақстан), жобаның белгіленген қуаты 0,2 МВт, аукциондық бағасы 32,14 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз). Жобаны Ақмола облысының Қызылсуат ауылының маңында орналастыру жоспарлануда.

 

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті, «KAZENERGY» ЗТБ өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттықтың бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткенін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

 

Келесі аукцион 50 МВт Жел ЭС түрі бойынша 2021 жылғы 10 қарашаға белгіленді.

 

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 30.07.2021 ж. №251 бұйрығымен бекітілген Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес 2021 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 200 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 20 МВт;

- жел электр станциялары – 50 МВт;

- гидро электр станциялары – 120 МВт;

- БиоЭС - 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.