Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндіруді арттырады

Бүгін, 4 қарашада ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы бейнеконференция форматында өтті.

Отырысқа Қазақстан атынан Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев қатысты, - деп хабарлайды ҚР ЭМ баспасөз қызметі.

Отырыста қыркүйек айында Келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды. Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі қыркүйекте 115%-ды құрады.  

Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Қараша айында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота тәулігіне 1,540 млн. баррельді құрады және ай сайын өндіру орташа есеппен тәулігіне 16 мың баррельге артады. Осылайша, желтоқсан айына міндеттемелер тәулігіне 1,556 млн.баррельді құрайды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі