
Мемлекет басшысының 26 қаңтардағы маневрлік генерацияны дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Энергетика министрлігі жаңа реттеуші электр қуаттарын іске қосу бойынша жұмысты жүзеге асыруда.
Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі аймағында маневрлік қуаттардың қажетті көлемін, жабдық түрін, аймағын анықтай отырып, Генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарын әзірледі және бекітті.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а. 2021 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттық жүргізу мақсатында Энергетика министрлігі 2021 жылғы 25 маусымдағы бұйрығымен Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға 2021 жылға арналған аукциондық сауда-саттық өткізу графигін бекітті.
Мәселен, Қызылорда облысының алаңы бойынша алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және Қағидалардың 5-тармағына сәйкес графикті өзектендіру нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің келесі аймақтары бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу көзделген:
Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес
- 2021 жылғы 27 желтоқсан – Оңтүстік аймақта (Қызылорда облысы) белгіленген электр қуаты 240 МВт жылу энергиясын беретін бу-газ қондырғысын салу;
Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес
- Солтүстік және Оңтүстік аймақтарда жалпы белгіленген электр қуаты 550 МВт болатын газ қондырғысын және (немесе) гидродинамикалық су энергиясын пайдаланатын генерациялайтын қондырғыны салу;
Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес
- 2021 жылғы 28 желтоқсан – Солтүстік және Оңтүстік аймақтарда жалпы белгіленген электр қуаты 350 МВт қазба отынын пайдаланбайтын генерациялайтын қондырғылар салу.