Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі энергетика саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жасау бойынша ұсыныстармен алмасады

Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі энергетика саласында бірлескен инвестициялық жобаларды жасау бойынша ұсыныстармен алмасады
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Сауд Арабиясы Корольдігінің инвестициялар министрі Халид бен Абдулазиз әл-Фалихпен кездесу өткізді.
 
Кездесуге Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрлігінің өкілдері, сондай-ақ ARAMCO, SABIC, ACWA POWER, Aljomaih Energy and Water Company және Desert Technology сияқты ірі саудиялық компаниялар қатысты.
 
Кездесу барысында жаңартылатын энергия көздері, электр энергетикасы, атом энергетикасы және мұнай-газ секторы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
 
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласында бірлескен инвестициялық жобаларды құру бойынша ұсыныстармен алмасуға келісті.