
ҚР Энергетика министрлігі бекіткен 2020 жылға арналған Аукциондар кестесіне сәйкес жалпы 250 МВт белгіленген қуат аукционға шығарылды, бұл электр станциялары бойынша: Жел ЭС – 65 МВт; Күн ЭС – 55 МВт, оның ішінде құжаттамасымен 2 жоба, әрбір жобаның белгіленген қуаты 20 МВт; ГидроЭС – 120 МВт; БиоЭС – 10 МВт.
2020 жылғы аукциондар үшін шекті бастапқы аукциондық бағалар мынадай деңгейде белгіленді:
Барлығы 8 аукцион: 4-еуі – шағын жобалар бойынша құжаттамасы жоқ, 2-еуі – ірі жобалар бойынша құжаттамасы жоқ, 2-еуі - ірі жобалар бойынша құжаттамасы бар аукцион жоспарланып өткізілді. Аукциондар штаттық режимде өткізілді, бұл ретте қатысушылар саны жеткіліксіз болғандықтан, (ірі ГЭС және БиоЭС) 2 аукцион өтпеді деп танылды.
Аукциондарға 4 елден: Қазақстан, Ресей, Нидерланд және Германиядан 27 қазақстандық және шетелдік компания қатысты. Аукционға қатысушылардан түскен өтінімдердің жиынтық көлемі 493,9 МВт құрады, яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен 2 есе асып түсті. Атап айтқанда, ЖЭС, КЭС және шағын ГЭС жобалары бойынша сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен шамамен 2 есе асып түсті, бірақ инвесторлар қызығушылық танытқан жобалар – Жел ЭС болды, олар бойынша сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен 5 есе асып түсті (1-кесте).
1 кесте. 2020 жылғы ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондардың нәтижелері
|
ЖЭК технологиясы |
Аукциондар көлемі (МВт) |
Қатысушылардың ұсынысы (МВт) |
Аукциондар барысында іріктелген (МВт) |
Іріктелген жобалар саны |
Бастапқы аукциондық баға (тг/кВтс) |
Ең төменгі аукциондық баға (тг/кВтс) |
|
Жел |
65 |
329,8 |
64,95 |
3 |
21,69 |
15,9 |
|
Күн |
55 |
136,15 |
60 |
4 |
16,97 |
14,58 |
|
ГЭС |
120 |
23 |
23 |
9 |
15,48 |
13,48 |
|
Биогаз |
10 |
4,95 |
0 |
0 |
32,15 |
- |
|
Жиынтығы: |
250 |
493,9 |
147,95 |
16 |
- |
- |
Тұтастай алғанда, 2020 жылғы аукциондарда ЖЭК-тың жалпы белгіленген қуаты 147,95 МВт болатын 16 жоба іріктелді, оның ішінде ЖЭС – 64,95 МВт, КЭС - 60 МВт, шағын ГЭС - 23 МВт. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары аукционда ұсынылған қуаттың 60% - ын іріктеп алды.
2020 жылғы құжаттамасы жоқ аукциондар
2020 жылғы 9 қарашада Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша белгіленген қуаты 20 МВт ГЭС шағын жобалары бойынша құжаттамасы жоқ аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 8 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 27 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 1-ден 5 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 23 МВт құрады. 2020 жылы ГЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 15,48 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттықтың баға диапазоны 15,20-дан 14,98 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы №466 бұйрығымен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Аукциондық сауда-саттық қағидалары) 56-1-тармағына сәйкес аукциондық сауда-саттыққа екі қатысушы 13,48 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) бағасы бойынша оферта қабылдады. Осыған байланысты аукциондық сауда-саттықтың баға диапазоны 15,20-дан 13,48 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.
2020 жылғы 10 қарашада Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша белгіленген қуаты 15 МВт КЭС шағын жобалары бойынша құжаттамасы жоқ аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 49 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 1,2-ден 10 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 36,15 МВт құрады. 2020 жылы КЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезінде шекті аукциондық баға 16,97 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 16,9-дан 14,99 тг/кВтс (ҚҚС-сыз) құрады.
2020 жылғы 11 қарашада Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша белгіленген қуаты 15 МВт Жел ЭС шағын жобалары бойынша құжаттамасы жоқ аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 5 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 13 баға ұсынысын берді, жобалардың бірлі-жарым қуаты 4.95-тен 10 МВт-қа дейін құрады. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 29,8 МВт құрады. 2020 жылы Жел ЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 21,69 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,69-дан 21,09 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
2020 жылғы 23 қарашада ҚР БЭЖ-інің барлық аймақтары бойынша белгіленген қуаты 10 МВт БиоЭС шағын жобалары бойынша құжаттамасы жоқ аукцион өтті. Осы аукцион Аукциондық сауда-саттық қағидалары 51-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартқа сәйкес өткізілмеді деп танылды, яғни сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың саны екіден кем.
2020 жылғы 24 қарашада Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша белгіленген қуаты 50 МВт Жел ЭС ірі жобалары бойынша құжаттамасы жоқ аукцион өтті. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 6 компания жіберілді. Сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар бірлі-жарым қуаты 50 МВт болатын 44 баға ұсынысын берді. Берілген өтінімдердің жиынтық көлемі 300 МВт құрады. 2020 жылы ЖЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық өткізу кезіндегі шекті аукциондық баға 21,69 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады. Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 21,65-тен 15,9 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
2020 жылғы 25 қарашада Солтүстік және Оңтүстік аймақтар бойынша белгіленген қуаты 100 МВт ГЭС ірі жобалары бойынша құжаттамасыз аукцион өтті. Осы аукцион аукциондық сауда-саттық Қағидаларының 51-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шартқа сәйкес өткізілмеді деп танылды, яғни сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың саны екіден кем. 2020 жылғы құжаттамасы жоқ аукцион жеңімпаздарының тізімі 2-кестеде келтірілген.
2 кесте. 2020 жылы құжаттамасы жоқ ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондардың нәтижелері
|
№ п/п |
Сауда-саттық күні |
Жеңімпаздың атауы |
Жобаның қуаты, МВт |
Аукциондық баға, тг/кВт (ҚҚС-сыз) |
Жоба түрі |
Жобаның көлемі |
|
1 |
09.11.2020 |
«UBS POWER » ЖШС |
1 |
13,48 |
ГЭС |
шағын |
|
2 |
«Jasyl qýat» ЖШС |
2 |
13,48 |
|||
|
3 |
«ТАУЭНЕРГО» ЖШС |
2 |
14,98 |
|||
|
4 |
«УК Altyn Esik» ЖШС |
3 |
14,99 |
|||
|
5 |
«Көксу-Қуат» ЖШС |
4,5 |
15 |
|||
|
6 |
«ТАУЭНЕРГО» ЖШС |
2 |
15,01 |
|||
|
7 |
«Ынтымақ» АӨК» ӨК |
1,5 |
15,02 |
|||
|
8 |
«ALA SOLAR» ЖШС |
2 |
15,03 |
|||
|
9 |
«МТ и К» ЖШС |
5 |
15,2 |
|||
|
10 |
10.11.2020 |
«UBS QZ» ЖШС |
10 |
14,99 |
КЭС |
шағын |
|
11 |
«UBS Solar» ЖШС |
10 |
15,62 |
|||
|
12 |
11.11.2020 |
«Greencity KZ» ЖШС |
10 |
21,09 |
ЖЭС |
шағын |
|
13 |
«Аргест» ЖШС |
4,95 |
21,53 |
|||
|
14 |
24.11.2020 |
«Eco Watt AKA» (Эко Ватт АКА) ЖШС |
50 |
15,9 |
ЖЭС |
ірі |
2020 жылғы құжаттамасы бар Күн ЭС жобалары бойынша аукциондар
Жобаларды іске асыру шеңберінде «ЖЭК жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС осы жобалар бойынша жобалау алдындағы құжаттаманы әзірледі, оған қажетті есептеулер, ресурстық әлеуетті бағалау, жерді сатып алу/жалға алу шығындары, қуат беру схемасы және қосылуға арналған техникалық шарттар және т.б. кіреді.
2020 жылғы 8 желтоқсанда Түркістан облысы Иассы ауылдық округінің Кентау қаласының маңында белгіленген қуаты 20 МВт болатын құжаттамасы бар аукцион өтті. Аукционға 2 елден: Ресей және Германиядан 3 компания қатысты. Сауда сессиясы барысында аукционға қатысушылар 48 баға ұсынысын берді, нәтижесінде бастапқы аукциондық баға – 16,97 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) 14,1% - ға төмендеп,14,58 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.
2020 жылғы 10 желтоқсанда Қызылорда облысы Арал қаласының маңында белгіленген қуаты 20 МВт болатын құжаттамасы бар аукцион өтті. Аукционға Ресейден 2 компания қатысты. Сауда сессиясы барысында аукционға қатысушылар 2 баға ұсынысын берді, соның нәтижесінде бастапқы аукциондық баға – 16,97 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) 16,96 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) дейін төмендеді. 2020 жылғы құжаттамасы бар аукцион жеңімпаздарының тізімі 3-кестеде келтірілген.
3 кесте. 2020 жылғы құжаттамасы бар ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондардың нәтижелері
|
Сауда-саттық күні |
ЖЭК технологиясы |
Аукциондар көлемі (МВт) |
Қатысушылардың ұсынысы (МВт) |
Аукциондар барысында іріктелген (МВт) |
Іріктелген жобалар саны |
Бастапқы аукциондық баға (тг/кВтс) |
Ең төменгі аукциондық баға (тг/кВтс) |
|
08.12.2020 |
Күн |
20 |
60 |
20 |
1 |
16,97 |
14,58 |
|
10.12.2020 |
Күн |
20 |
40 |
20 |
1 |
16,97 |
16,96 |
Ағымдағы жылғы аукциондар қорытындыларына сәйкес аукциондық бағаның барынша төмендеуі: Жел ЭС жобалары бойынша 26,7%, Күн ЭС - 14%, шағын ГЭС - 13% құрады. Бұл аукциондар бағаның төмендеуін қамтамасыз ететінін және ЖЭК объектілерінің электр энергиясының нарықтық бағаларын анықтауға мүмкіндік беретінін растайтын жақсы нәтиже болып табылады, яғни (1-сурет).
1 сурет. 2020 жылғы аукциондардағы бағалардың төмендеуі
2020 жылы Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондар жеңімпаздарының тізімі 4-кестеде ұсынылған.
4 кесте. Қазақстанда ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша 2020 жылғы аукциондар жеңімпаздарының тізімі
|
№ п/п |
Сауда-саттық күні |
Жеңімпаздың атауы |
Жобаның қуаты, МВт |
Аукциондық баға, тг/кВт (ҚҚС-сыз) |
Жоба түрі |
Жобаның көлемі |
|
1 |
09.11.2020 |
«UBS POWER» ЖШС |
1 |
13,48 |
ГЭС |
шағын * |
|
2 |
«Jasyl qýat» ЖШС |
2 |
13,48 |
|||
|
3 |
«ТАУЭНЕРГО» ЖШС |
2 |
14,98 |
|||
|
4 |
«УК «Altyn Esik» ЖШС |
3 |
14,99 |
|||
|
5 |
«Көксу-Қуат» ЖШС |
4,5 |
15 |
|||
|
6 |
«ТАУЭНЕРГО» ЖШС |
2 |
15,01 |
|||
|
7 |
«Ынтымақ» АӨК» ӨК |
1,5 |
15,02 |
|||
|
8 |
«DALA SOLAR» ЖШС |
2 |
15,03 |
|||
|
9 |
«МТ и К» ЖШС |
5 |
15,2 |
|||
|
10 |
10.11.2020 |
«UBS QZ» ЖШС |
10 |
14,99 |
СЭС |
шағын |
|
11 |
«UBS Solar» ЖШС |
10 |
15,62 |
|||
|
12 |
11.11.2020 |
«Greencity KZ» ЖШС |
10 |
21,09 |
ВЭС |
шағын |
|
13 |
«Аргест» ЖШС |
4,95 |
21,53 |
|||
|
14 |
24.11.2020 |
«Eco Watt AKA» (Эко Ватт АКА) ЖШС |
50 |
15,9 |
ВЭС |
ірі |
|
15 |
08.12.2020 |
«HEVEL KAZAKHSTAN (Хевел Казахстан)» ЖШС |
20 |
14,58 |
СЭС |
ірі |
|
16 |
10.12.2020 |
«HEVEL KAZAKHSTAN (Хевел Казахстан)» ЖШС |
20 |
16,96 |
СЭС |
ірі |
|
|
Жиынтығы: |
|
147,95 |
|
|
Ескертпе:* - Шағын (0.1-ден 10 МВт-қа дейін қоса алғанда), ірі (10 МВт-тан астам)
Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KazEnergy» ЗТБ, «ҚЭҚ» ЗТБ, Еуропа қайта құру және даму банкі, USAID, БҰҰДБ және «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттық бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап, аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.
(Сурет Казинформ сайтынан)