Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетімен «Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялануға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейін орнату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы энергетика министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Жобамен Атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялануға жататын ядролық материалдар, радиоактивті заттар және электрофизикалық қондырғылар үшін алып қою деңгейін орнату қағидасын бекіту қарастырылады.
Осы Қағидалар атом энергиясын пайдаланатын объектілердің алып қою деңгейін айқындайды және атом энергиясын пайдалану саласында лицензиялануға жататын ядролық материалдармен, радиоактивті заттармен және электрофизикалық қондырғылармен жұмыс істеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне қолданылады
Жоба 2020 жылғы 4 желтоқсанда «Ашық НҚА» интернет – порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5772179 «Өнеркәсіп» бөлімінде орналастырылды.