Белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт болатын күн электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша 2020 жылғы 8 желтоқсандағы отыз бесінші аукционның қорытындылары

Белгіленген жиынтық қуаты 20 МВт болатын күн электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша 2020 жылғы 8 желтоқсандағы отыз бесінші аукционның қорытындылары

Бүгін «KOREM» АҚ Түркістан облысы Иассы ауылдық округінің Кентау қаласында орналасқан, белгіленген қуаты 20 МВт күн электр станциясының (бұдан әрі - КЭС) жобасы үшін аукциондық сауда-саттық өткізді.

Аукцион өтті деп танылды. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың құрамында Ресей мен Германияны қоса алғанда, 2 ел болды.

Аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы ретінде «HEVEL KAZAKHSTAN (Хевел Казахстан)» ЖШС (Ресей) компаниясы (бағасы 14.58 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) танылды.

Сауда сессиясын өткізу барысында 16.97 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) шекті аукциондық баға 14.1 % -ға төмендеді.

Аукциондық сауда-саттығына қатысуға 3 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 48 баға ұсынысын берді. Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 16.97-ден 14.58 тг/кВтсағ (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттықты өткізу барысында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «ЖЭК жөніндегі ҚЕАО» ЖШС өкілдері қатысты. Бақылаушылар аукциондық сауда-саттық бекітілген нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өткізілгенін атап өтті және аукционды ұйымдастырушы – «KOREM» АҚ электрондық сауда жүйесі жұмысының ашықтығын растады.

Келесі аукцион  20 МВт Күн ЭС түрі бойынша (құжаттамамен) 10.12.2020 ж. күніне белгіленген.

Анықтама ретінде:

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 21.05.2020 ж. №202 бұйрығымен бекітілген Аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесіне сәйкес 2020 жылға электр станцияларының түрлері бойынша бөле отырып, белгіленген қуаты 250 МВт көлемінде аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда:

- күн электр станциялары – 55 МВт (оның ішінде 2 жобаның құжаттамасы бар, әр жобаның белгіленген қуаты 20 МВт);

- жел электр станциялары – 65 МВт;

- гидроэлектр станциялары – 120 МВт;

- БиоЭС – 10 МВт.

«KOREM» АҚ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы болып анықталды.