«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2021-2025 жылдарға арналған 4 облыстық және Шымкент қаласы өндірістік филиалдың инвестициялық бағдарламасын ұсынды

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ 2021-2025 жылдарға арналған 4 облыстық және Шымкент қаласы өндірістік филиалдың инвестициялық бағдарламасын ұсынды

Олармен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сайтында танысуға болады, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 343-тармағына сәйкес субъектінің инвестициялық бағдарламасының жобасы мынадай өлшемшарттардың кемінде біріне сәйкес келетін іс-шараларды қамтумен әзірленеді:

1) салалық және өндірістік ерекшеліктерге қарай шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының азаюы;

2) нормативтік техникалық шығындардың азаюы;

3) көлемнің ұлғаюы және (немесе) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер сапасының артуы;

4) Субъектінің технологиялық процесті басқарудың ақпараттық жүйелерін енгізу және (немесе) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін, технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу;

5) ол болған кезде, субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметін тұтынушылардың дебиторлық берешек деңгейін төмендету бойынша кешенді іс-шаралар;

6) негізгі құралдардың тозуын төмендету;

7) инвестициялық бағдарламаға енгізілген іс-шараларді іске асырудан субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметінің сапасын, сенімділігі мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету;

8) Энергия үнемдеу туралы Заңға сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етуі және энергия тиімділігін арттыруы.

Осыған байланысты, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Шымкент қаласы өндірістік филиалдарының (бұдан әрі-ҚТГА өндірістік филиалдары) инвестициялық бағдарламалары таратушы газ құбырларын техникалық қайта жарақтандыруға, 2021-2025 жылдарға есептелген газ тарату жүйесінің жаңа активтерін жаңартуға және құруға қаражат аударудың объективті қажеттілігімен негізделген.

2021-2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаларды орындаудың нәтижесінде, газбен жабдықтау жүйелерінде авариялық жағдайлардың туындауын болдырмауға және газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттырады. Облыс орталығын және оған іргелес аудандық елді мекендерді авариясыз және үздіксіз газбен жабдықтауды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықтың және өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарының табиғи газға өсіп отырған қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.