Энергетика министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстың аралық нәтижелері туралы хабарландыру

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысының 2-тарауының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 271 бұйрығымен бекітілген 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық құжаттамаға сәйкес «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ (бұдан әрі – «ҰМҒТСО» АҚ), конкурстық өтінімдердің қажетті құжаттарды ұсыну жөніндегі талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізді.

Нәтижесінде «ҰМҒТСО» АҚ одан әрі мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізбестен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін «Экостандарт.kz» ЖШС-ның конкурстық өтінімін қабылдамады (қосымша).

Қосымша