
Энергетика министрлігі Жасанды интеллект бойынша дебатта жеңіске жетті
AMANAT партиясы Астана қаласы «Бірлік» аумақтық филиалының ұйымдастыруымен және "DEBAT ELI" қоғамдық қорының қолдауымен ҚР Әділет министрлігі мен Энергетика министрлігі арасында «Жасанды интеллектің дамуы» атты пікірсайыс-дебат өз мәресіне жетті.
Аталған сайыста «BILIM QANATY» бастауыш мектебінің директоры Лаура Жүнісова қазылар алқасының төрайымы, сондай-ақ құрамында «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Мария Утебаева, "Әкелер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Нығметұлы және пікірсайыс қозғалысының жанашыры Әбдір Өркен болды.
Екі министрлік те аталған додаға мықты дайындықпен келгендіктерін байқатты. Әсіресе ҚР Энергетика министрлігі Жасанды интеллекттің дамуы бойынша өте тұщымды ойлары мен идеяларды алға тартты. Тартысты өткен дебаттың қорытындысы бойынша ҚР Энергетика министрлігі I орынды жеңіп алды.