Қазақстан мен Үндістан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуде

Қазақстан мен Үндістан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуде

Бүгін, 2020 жылғы 30 қыркүйекте бейнеконференция байланысы режимінде ҚР Энергетика министрі Н. Ноғаев Үндістан Республикасы Атом энергетикасы комиссиясының төрағасы Шри Камлеш-Нилкантх Вяспен екіжақты келіссөздер өткізді, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі.

Қазақстан тараптан келіссөздерге ҚР Энергетика министрлігінің және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өкілдері, үнді тарапынан кездесуге Үндістанның Атом энергетикасы департаментінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы республикалар арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, қазақстандық табиғи уранды Үндістанға жеткізу мәселелері талқыланды.

Тараптар елдер арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде жасалған барлық алдыңғы келісімшарттардың сәтті аяқталғанын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық уранды жеткізуге арналған жаңа келісімшарт бойынша уағдаластықтарға ағымдағы жылдың соңына дейін қол жеткіземіз деп келісті.

Сурет 24.kz сайтынан